Жаңалықтар

28.04.2018
Ақтөбе облысы бойынша электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бөлігінде электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының орындалуы туралы дөңгелек үстел

2018 жылдың 26 сәуірде БО «Капитал Плаза» Конференц залында «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы, «Энергосистема» ЖШС, «Актобеэнергоснаб» ЖШС өкілдерімен, және де электр энергиясы тұтынушылардың қатысуымен, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу тәртібін, электрмен жабдықтау сапасын және электр энергетикасы саласындағы заңнама нормаларын түсіндіру, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмысы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
06.04.2018
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қыз

Бүгін, яғни 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин Ақтөбе облысының жергілікті және орталық атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу барысында А.Бердалин мемлекеттік қызметтің заманауи ахуалы жайында, мемлекеттік қызметшілер үшін сынамалы тәртіпте еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды үлесін арттыру және қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау мәселелері жайында сөз қозғады.
02.02.2018
Басқарманың үздік қызметкерлері

Басқарманың үздік қызметкерлерінің бірі - Рүстем Маратұлы Төреғалиев, 1991 жылы Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне оқуға түсіп, 2013 ж. «Машина жасау бакалавры» біліктілігін иеленген. 2015 ж. осы университеттің «Техника ғылымдарының магистрі» атағына ие болған.
22.01.2018
Б.Сапарбаев: Ақтөбе облысы Президент Жолдауын сапалы түрде жүзеге асыру үшін барынша күш салады

Ақтөбе облысының әкімдігінде мемлекет басшысының осы жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын түсіндіруге арналған облыс активі өтті.
10.01.2018
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел дамуының 10 басым бағытын айқындап берді

ҚР Президенті Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында ел алдындағы 10 негізгі міндетті айқындап берді.
05.12.2017
Жоспарланып отырған МЖӘ жобасы бойынша қызығушылықты білдіру сауалы

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының басталғаны туралы хабарлайды және әлеуетті жекеше әріптестерді «Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласында кәріз тазалағыш ғимаратын жаңғырту» жобасының тұжырымдамасын талқылауға шақырады.
10.10.2017
Біліктілік іріктеу нәтижелері

«Бюджеттік саладағы қызметшілерді орналастыруға арналған 70 пәтерлік шағын-отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке өткізу» мемлекеттік-жеке әріптестігі жобасы бойынша әлеуетті жеке әріптестің біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау нәтижелері
01.09.2017
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының жобасы

Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының жобасы әзірленді
21.08.2017
«Мектепке жол» акциясы бойынша іс-шаралар

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2017 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында жыл сайын ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы бастамасын тапты
01.08.2017
Ақпарат

2017 жылдың 29 шілдесінде «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-нің басшылығымен Қарғалы ауданына қызметтік іс-сапар орындалды
05.07.2017
ХАБАРЛАМА

«COMFORTHOUSECITY» ЖШС-нің «Бюджеттік саладағы қызметшілерді орналастыруға арналған 70 пәтерлік шағын-отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке өткізу» мемлекеттік-жеке әріптестігі жобасына бастамашылық жасау туралы
29.03.2017
2016 жылғы және 2017 жылға жоспарлар бойынша энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы туралы жиналыс

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ облыста энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
09.03.2017
Басқарма ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

Басқарма ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері І.Балсеитованы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады
06.03.2017
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Облыс әкімдігінің 2015 ж. 23 маусымдағы № 222 қаулысымен бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жж. арналған іс-шаралар жоспары және медиа жоспары негізінде басқарманың тиісті іс-шаралар жоспарлары бекітіліп, уақытылы орындалуда. Жоспардың сапалы және уақытылы орындалуы үшін жауапты тұлға ретінде әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы және осы бөлімнің бас маманы; тәлімгер ретінде басқарма басшысының орынбасары бекітілді.
04.01.2017
Облыс әкімі құрылыс нысандарын және жылу қазандықтарын аралады


20170103124526_IMG_5197.jpg

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқаладағы салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен, сондай-ақ жылу қазандықтарының жұмысымен танысты.

Облыс әкімінің әлеуметтік нысандар мен жылу қазандықтарын аралаудағы басты мақсаты — Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес өңірдеү шауысымды мектептер мәселесін шешу, екі ауысымды білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланы жылумен толық қамту, аймақтағы жол мәселесін шешу.
Облыс әкімі барған алғашқы нысан — Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы жылу қазандығы.
Бұл жылу қазандығы 2013 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі күні осы қазандықтан тараған жылу «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 16 тоғыз қабатты тұрғын үйге, балабақша мен мектепке жеткізіледі. Қазандықтан тараған жылу желісі 6,8 шақырым ұзындықты алып жатыр. Қазір жылу қазандығында «Е-25-1,4 ГМ» маркалы 4 бу қазаны бар. Оның екеуі тұрақты жұмыс істейді. Қалған екеуі резервте тұр. Бу қазандарындағы жылу қуаты — 60,0 Гкал/сағ.

Беттер