Басқарма туралы Ереже

Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы «6» қазандағы
№ 427 қаулысымен
«БЕКІТІЛДІ»
«Ақтөбе облысының энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
2. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
3. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
4. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
5. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
6. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
7. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
8. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
9. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
11. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
12. Осы Ереже «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
14. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
15. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
Егер «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
энергия тиімділігін және энергияны үнемдеуді арттыруды, коммуналдық, су және газ желілерін дамытуға әрекет жасау, облыс экономикасының энергетикалық секторын дамыту арқылы экономиканың өсу қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында энергетикалық қаупсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
17. Міндеттері:
энергетика, коммуналдық, тұрғын-үй, су және газ шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару.
18. Функциялары:
1) бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылығы объектілерін (инженерлік коммуникациялық желілер, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілері) салу және жаңғырту бойынша тапсырысшы қызметін жүзеге асыру;
2) облыстың энергетика және коммуналдық және тұрғын-үй шаруашылығының жай-күйіне және сақталуына жалпы мониторинг жүргізу;
3) облыстың энергетика және коммуналдық және тұрғын-үй шаруашылығы саласындағы қызметті үйлестіру;
4) облыстың (инженерлік коммуникациялық желілер, энергетика, коммуналдық, тұрғын-үй, су, газ шаруашылығы объектілері) энергетика және коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығының дамуына мониторинг және олардың жай-күйіне талдау жүргізу;
5) отын-энергетикалық кешенін дамытуға қатысу;
6) жыл сайын жылу беру кезеңінде облыстың мемлекеттік мекемелерге қажетті отынның табиғи көлемдерін анықтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
7) облыстың мемлекеттік мекемелеріне отын жеткізіп беруді қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
8) энергетика және коммуналдық шаруашылығы объектілеріне қатысты жобалалық құжаттарды қарау және келісу;
9) салынған және жаңғыртылған инженерлік коммуникациялық желілер, энергетика, су, газ шаруашылығы объектілері қабылдап алу жөнінде қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;
10) өз құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік мекемелермен басқа меншіктің барлық нысанындағы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты ұйымдастыру;
11) «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарау, солар бойынша шешім қабылдау;
12) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес заңды тұлғалардың түсті және қара металдар сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон беру;
13) облыс елді мекендері аумағында инженерлік инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты дамытуға қатысу;
14) заңнама талаптарына сәйкес инженерлік инфрақұрылым және коммуналдық шаруашылық объектілерінің құрылысына байланысты жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
15) тұрғын-үй шаруашылығы саласында салалық (секторлық) және аумақтық бағдарламалар әзірлеу және іске асыру;
16) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру (сумен жабдықтаумен кәріз жүйелерін пайдалану және жөндеу, лифт шаруашылығын қамтамасыз ету);
17)тұтынушылардың жылу пайдалану құрылғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
18)жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
19) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеу жүргізу;
20) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келісу;
21)қосалқы (тұйықтауыш) электр беру желілері мен кіші станцияларды жобалауды және салуды келісу;
22) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыруы;
23) тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;
24) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
19. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары:
1) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген жұмыстарды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрауға және алуға;
2) коммуналдық шаруашылығы саласындағы бұзуларға және «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқа қызметтеріне байланысты істер бойынша назарылық білдіруге, қуынуға, қуынушы ретінде соттарда сөйлеуге;
3) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыруға қатысуға;
4) тексеру жүргiзу уақытында тексерiлетiн объектiге баруға;
5) тексеру жүргiзу кезiнде кез келген қажеттi ақпаратты сұратуға, тексеру нысанына жататын құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
6) бақылау жұргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді бақылау объектілерінен сұратуға және белгіленген мерзімде алуға;
7) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға құқығы бар.
20. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Заңына сәйкес тексерудi жүргiзуге;
2) тексеру жүргiзу кезеңiнде тексерiлетiн объектiнiң белгiленген жұмыс режимiне кедергi келтiрмеуге;
3) тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған құжаттар мен мәлiметтердiң сақталуын қамтамасыз етуге;
4) тұрғын-үй қорын күтiп-ұстау ережелерiнiң бұзылуы туралы актiлер жасауға;
5) тұрғын-үй қорын күтiп-ұстау ережелерi бұзушылықтарын жою бойынша бұйрықтар шығаруға;
6) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
21. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшылықты «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
22. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
23. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
24. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, ұйымдарда «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлдесін ұстанады;
2) «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штат кестесін бекітеді;
3) «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, және босатады, оларды көтермелейді және жаза қолданады;
4) «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтайды;
5) өз құзіреті шегінде «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауына жеке жауапты болады және сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған, шаралар қолданады.
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
25. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4.Мемлекеттік органның мүлкі
26. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
28. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлікті басқарушы құзыретті орган болып табылады.
29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
30. «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.