Анонс

АНОНС
Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық бірлестіктермен ("Адал" ҚБ және «Тұтынушылар Ұлттық лигасы» РҚБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі) бірлесе отырып Департамент базасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша консультациялық кеңес құрылғанын хабарлайды.
Азаматтарды қабылдау үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап келесідей мекен-жайда жүзеге асырылады: Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы 1, 4 қабат, 416 бөлмеде, әр айдын бірінші сәрсенбісінде және үшінші жұмысында сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (үзіліс 13.00-14.30).
Қабылдауға жазылуды тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Елпанов Айбек Ибракимұлы 55-77-65, 55-77-34 телефон нөмірінде дүйсенбі-жұма күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс 13.00-14.30) жүргізеді.
Консультациялық орталық егерде Сіздің тұтынушылық құқығыңыз бұзылған жағдайда ақысыз негізде мемлекеттік мекемелерге сұраныс дайындауға, сатушыға (қызметті орындаушы) қатысты шағым, сотқа талап арыз жазуды дайындауға көмектеседі.