Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын іске асыру барысы туралы ақпарат

2018 жылғы 5 наурыздағы
Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспарының
«Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бастамасын орындау бойынша
Газ құбырының жалпы ұзындығы 6 270 км құрайды. Ақтөбе облысының 374 елді мекенінен 116 (облыстың жалпы елді мекендер санының 31,0%-ы) газдандырылған немесе 752 мыңнан астам адам (облыстың халық санының 88%-ы) табиғи газбен қамтамасыз етілген.
1. 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газдандырылу деңгейін арттыру, халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуін 88,1%-ға жеткізу
2018 жылы жалпы құны 483,2 млн. теңгені құрайтын 3 өтпелі жобаның жүзеге асыруын аяқтау жоспарланған:
1. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы»;
2. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылында ауылішілік газ құбырының құрылысы»;
3. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Жазық ауылына жеткізуші және кент ішіндегі газ құбырын салу».
Ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Сонымен бірге, инвестициялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асыру үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на жалпы құны 142,7 млн. теңгені құрайтын «Ақтөбе облысы Алға ауданының Ақай (Ильинка) ауылында кент ішіндегі газ құбырын салу» жобасы берілді.
Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 1000-нан аса халқы бар 2 ауылдық елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіледі. Осыған орай, жылдың аяғына халықтың газбен қамтамасыз етілуі 0,1%-ға өсіп, 88,1%-ды құрайтын болады.
Сондай-ақ, 2018-2019жж. жалпы сметалық құны 6,4 млрд.теңгені құрайтын 19 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобаларды жүзеге асырудың басталуына 2018 жылы жалпы 1,2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылы конкурстық рәсімдер өткізіліп, мердігер мекемелермен шарт жасалды. Бүгінгі таңда, дайындық және құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
1. Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданы Ақкөл ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы
2. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Жамбыл ауылына жеткізуші газ құбырын салу
3. Ақтөбе облысы Алға ауданының Көлтабан ауылына және Ақай (Ильинка) ауылына жеткізуші газ құбырын салу
4. Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Жаңатаң–Бұлақтыкөл–Кемерші ауылдарына жеткізуші газ құбырын салу
5. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Бестамақ ауылына тартылатын газ құбырын салу (Бегалы, Егіндібұлақ, Калиновка, Білтабанов ауылдары)
6. Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылында ауылішілік газ құбырын салу
7. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жарөткел ауылында ауылішілік газ құбырын салу»
8. Ақтөбе облысы Айтеке би ауданының Жамбыл ауылында кентішілік газ тарату желілерін салу
9. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңатаң ауылында кент ішіндегі газ құбырын салу»
10. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылында кент ішіндегі газ құбырын салу»
11. «Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жарлы ауылына жеткізуші газ құбырын салу»
12. "Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Жаныс би ауылында АГТС және кент ішіндегі газ құбырын орнатып газ құбырын-бұру салу"
13. «Ақтөбе облысы Муғалжар ауданының Басшілі ауылына жеткізуші газ құбырын салу»
14. «Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Басшілі ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы»
15. «Ақтөбе облысы Темір ауданының Тасқопа ауылына жеткізуші газ құбырын салу»
16. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Калиновка ауылына ішкіпоселкелік газ құбырын салу»
17. «Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында ауылішілік газ құбырын салу»
18. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылында ауылішілік газ құбырын салу
19. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Білтабанов ауылына ауылішілік газ құбырын салу.
Аталған 19 жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде, халық саны 7 мыңнан астам 12 ауылдық елді мекендер газдандырылады, халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуі 0,9%-ға, елді мекендердің 3,2%-ға өсіп, сәйкесінше 89% және 34,7% құрайтын болады.
2. Облысты газдандыру үшін республикалық бюджетті нақтылау кезінде қосымша қаражат бөлі мәселесін салалық министрліктермен пысықтау
2019-2021жж. республикалық бюджеттің нақтылауына ҚР Энергетика министрлігіне жалпы 9,8 млрд.теңгеге 41 газбен жабдықтау жобалары ұсынылды. Соның ішінен 6 жоба қолдау тапты.
Сонымен қатар, 2018 жылдың ІІІ тоқсанында республикалық бюджеттік екінші нақтылауына жұмыс атқару кестесінен озып жүргізіліп жатқан 3 газбен жабдықтау жобаларын аяқтау үшін бюджеттік өтінім ұсынылды.
1. «Ақтөбе облысы Алға ауданының Көлтабан ауылына және Ақай (Ильинка) ауылына жеткізуші газ құбырын салу» қалған сомасы 486,1 млн. теңге;
2. «Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданының Жамбыл ауылына жеткізуші газ құбырын салу» қалған сомасы 637,9 млн.теңге;
3. «Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданының Басшілі ауылына жеткізуші газ құбырын салу» қалған сомасы 158,8 млн.теңге.
3. Привлечение инвесторов для строительства газопровода на принципах ГЧП.
Бүгінгі таңда, Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) механизмі арқылы газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде және оңтайлы шарттар, соның ішінде инвестицияны 7 жыл және одан көп жыл ішінде қайтарумен, төмен пайыздық мөлшерлемелер қарастырылуда.
Әлеуетті жеке әріптестерге «APL Construction» ЖШС (3,6 млрд.тг. 19 жоба) және «ЛАЙГЭ» ЖШС-не (905 млн.тг. 4 жоба) МЖӘ аясында жүзеге асыру жоспарланған газбен жабдықтау жобаларының тізімі жолданды. Компаниялар өз кезінде бұл жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп, МЖӘ механизмі арқылы жүзеге асырудың өзіндік шарттарын ұсынды. Бұл шарттар қазіргі уақытта ішінен басымдық жобаларды анықтау үшін және МЖӘ шеңберінде жүзеге асырудың экономикалық тұрғыдан мүмкін әрі оңтайлы шарттарды ұсыну үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қарастырылуда.
100 нақты қадам ұлт жоспарының 51-ші қадамын іске асыру бойынша
АНЫҚТАМА
ҚР Энергетика министрлігі (Министрлік) 100 нақты қадам ұлт жоспарының 51-ші қадамында айқындалған тапсырманы іске асыру мақсатында Елбасы қол қойған және 2017 жылғы 24 шілдеде күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын (Заң) әзірледі. Заң нормалары энергия беруші ұйымдарды ірілендіруге бағытталған, бұл энергия беруші ұйымдар санын қысқартуы және иесіз электр желілері мәселелерін шешуі керек.
Ақтөбе облысында жалғыз өңірлік электржелілік кәсіпорын «Энергосистема» ЖШС жұмыс жасайды. Оның негізгі қызмет түрі электр энергиясын тарату және бөлу болып табылады.
«Энергосистема» ЖШС пайдаланатын барлық кернеулер түріндегі электр беріліс желілерінің ұзындығы 14 437 км құрайды, ҚС-35 кВ және одан жоғары – 173 дана, ТП-6-10/0,4 кВ – 1827 дана, РП-6-10/0,4 кВ – 28 дана.
«100 нақты қадам – Ұлт жоспары» 51 қадамында көрсетілген өңірлік электржелілік компанияларды ірілендіру, сонымен қатар Заңның 25-бабы 7-тармағының негізінде 2019 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілерін осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес беруді қамтамасыз етуді басшылыққа ала отырып «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ тарапынан «Өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру бойынша жол картасы» дайындалып Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен келісілді.
Аталмыш жол картасында иесіз электр желілерін, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың теңгеріміндегі электр беріліс желілерін және нысандарын өздері тікелей қосылған өңірлік энергия беруші ұйым теңгеріміне беру қарастырылған.
Қазіргі таңда, жол картасының іс-шараларын орындау орнатылған мерзімдерге сәйкес жүргізіліп жатыр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын цифрлландыру бойынша ақпарат
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй қорының бірыңғай ақпараттық жүйесін қосу (БАЖ)
Қазіргі таңда әкімдік және «ТҮКШ ҚазОрталығы» АҚ (Астана қ.) бірлесе Әбілқайыр хан даңғылы 3, 5, 9, 11, 13 және М.Прохоров 2, 4, 8, 10 мекенжайлары бойынша таңдалған 9 үйді БАЖ-ға қосу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
БАЖ-ды енгізу мақсаты – жалпыүйлік есептеу аспаптарының көрсеткіштерін автоматты түрде жинап кейін БАЖ-ға жолдау.
БАЖ-ды енгізу тиімділігі келесі көрсеткіштер арқылы білінеді:
- көрсетілетін қызметтін ашықтығы;
- нақты уақыт тәртіптемесіндегі мониторинг;
- тұтыну үнемдеу, көрсеткіштерді автоматты түрде жинау;
- КПТҮ күтіп-ұстауға жолданатын қаражатты бақылау;
- тұрғындарға шоттар мен жоғалту бойынша үнемдеу;
- смартфондардағы қосымшаны қолдану арқылы төлемдерді бақылау қолдану ыңғайлығы.
Жүйенің жұмыс істеуі үшін тұрғын үйлерде жалпыүйлік жылуды, суды, электрэнергиясын есептеуіш аспаптарының және автоматтандырылған жылу пунктілерінің болуы тиіс.
Таңдалған үйлерде орнатылған аспаптардың жалпы саны – 35 бірлікті құрайды.
Барлық 9 үйде деректерді беру функциясымен жабдықталған жалпыүйлік суды есептеуіш аспаптары орнатылған. Аспаптар «Ақбұлақ» АҚ және Еуропа қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастығы негізінде жүзеге асырылып жатқан жоба арқылы орнатылды.
Сонымен бірге, барлық пилоттық үйлерге жалпыүйлік электрэнергиясын есептеуіш аспаптары бар. Аспаптар тұрғын үйлердің жанындағы трансформаторлық шағын стансаларда орналасқан және қызмет көрсетуші мекеме «Энергосистема» ЖШС серверіне деректерді беру функциясымен жабдықталған.
Барлық 9 үйде жалпыүйлік суды есептеуіш аспаптары орнатылған және 8 үйде автоматтандырылған жылу пунктілері бар.
Қосымша жабдықтауды талап ететін аспаптардың саны – 1 бірлік.
Сонымен қатар, барлық таңдалған үйлерде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқару нысаны бар, 8 үй – «Ақниет» ПИК және 1 үй «Жөндеу» ТК қызмет көрсетуде.
БАЖ-ды енгізу ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.
Пилоттық үйлердегі барлық аспаптардан деректер жолданып жиналатын өңірлік сервер негізінде облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасында орналасқан сервер қолданылатын болады.
Қазіргі таңда, энергиямен жабдықтаушы мекемелер - субъектілер өкілдерімен келісе отырып, өңірлік серверге бағдарламаларды орнатып, кейін «ТҮКШ ҚазОрталығы» АҚ-на деректерді жолдау бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сондай-ақ, әкімдік "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп, тұрғындарға қолайлы болу үшін бірыңғай төлем құжатының жобасын жүзеге асыруда.
Бірыңғай төлем құжаты:
- Абоненттердің бірыңғай деректер базасы;
- Төлемдерді қабылдау, оның ішінде Қазпошта құрылысы сайты арқылы онлайн қабылдау.
БТҚ әсері
- Көптеген есептік кітапшалардың, түбіртектер мен чектердің болмауы
- Ақпараттық ашықтық
Жеке шотты бақылау үшін тұтынушының жеке кабинеті
- Сервисті жақсарту
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді есептеу кезінде "бір терезе" қағидасын іске асыру;
Күту уақытын азайту және кезектерді қысқарту.
Ақтөбе облысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың жол картасы облыс әкімінің орынбасарымен бекітіліп, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісімі алынды. Жоғарыда көрсетілген шаралар жол картасына енгізілді.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 32-тармағын орындау үшін Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін барлық қаражат көздерінен жыл сайын кемінде 100 млрд. теңге бөлу.
Ақтөбе облысында барлығы 374 елдімекен бар, оның ішінде барлық қалалық елдімекендер және 190 ауылдық елдімекендер орталықтандырылған сумен қамтылған, 184 АЕМ орталықтандырылмаған сумен жабдықталған.
Облыстық су құбыры желісінің ұзындығы 3 537,5 шақырымды құрайды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігі қалалық елдімекендерде 98,5%, ал ауылдық елдімекендерде 79,5% құрады.
2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға барлығы 6,0 млрд. теңге қарастырылған. «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында 521,8 млн.теңгеге 2 жоба (Мұгалжар ауданы-Қандыағаш қ.,Жағабұлақ ауылы) және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 5,5 млрд.теңгеге 25 жоба, оның ішінде 6 жоба 2019 жылға ауыспалы жобалар (Ақтөбе қаласы –Россовхоз ауылы; Әйтеке би ауданы - Талдысай ауылы; Шалқар ауданы - Қотыртас ауылы; Мәртөк ауданы - Қызылжар ауылы; Алға ауданы - Қарақұдық ауылы; Байғанин ауданы –Ебейті, Миялы, Кемерши, Жарқамыс, Оймауытауылдары; Ырғыз ауданы - Ақши және Белшер ауылдары ; Қарғалы ауданы- Кос-Естек; Қобда ауданы - Калиновка және Талдысай; Мұғалжар ауданы- Қаракөл, Сағашилі, Бұлақты, Аксу ауылдары; Темір ауданы- Құмқұдық; Ойыл ауданы – Амангелді, Құмжарған, Ақжар ауылдары; Хромтау ауданы- Табантал,Копа ауылдары) жүзеге асырылуда.
2018 жылы облыстық бюджеттен Ырғыз ауданы Белшер ауылында 54,1 млн теңге құрайтын су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Нәтижесінде халықтың сумен жабдықтауға қолжетімділігі 94,4% құрайды (22 565 адам) сондай-ақ , 269,4 км сумен жабдықтау желілері салынып және 41,4 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылады, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық елді мекендерде 54,4 %, құрайды.
2019 жылға жоспар
Шалқар ауданы Қайдауыл, Ақтан батыр, Мөңке би, М.Шиманұлы ауылы, Қауылжыр, Көпмола, Жылан, 1030 км, рзд.Кең дала станциялары, Әйтеке би ауданы Толыбай, Аккол, Сарат, Аралтоғай ауылдары, Алға ауданы Тоқмансай ауылы, Темір ауданы Кенкияк, Тасқопа ауылдары, Мәртөк ауданы Ақмоласай және Родниковка ауылдарында су құбыры құрылысы және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуге – облыстық бюджеттен 2018 жылы 182,7 млн. теңге бөлінді (барлығы 16 жоба).
Облыстық бюджетті нақтылауда 2018 жылы қосымша 17 ауылға су құбыры құрылысы және қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуге ЖСҚ дайындауға және мемлекеттік сараптамадан өткізуді бастауына 23,1 млн. теңге бөлінді. (Қобда ауданы Қобда ауылына ; Әйтеке би ауданы Ақтасты, Сұлукөл ауылына; Алға ауданының Нұрбұлақ және Жерұйық ауылна; Байғанин ауданының Алтай батыр, Қаражар, Көкбұлақ ауылына; Ырғыз ауданының Жарма, Қарақұдық, Қарасай ауылына; Мұғалжар ауданының Жарық, Елек, Құмсай және Талдысай ауылына; Ойыл ауданының Қаракемер ауылына және Темір ауданы Шұбарқұдық кенті Қызылжар ш / а қысымды су құбырының құрылысына ЖСҚ әзірлеуге облыстық бюджеттен қаражат қарастырылған)