Паспорттар

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызметтің атауы
«Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциядағы тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»
Бұйрықтың атауы және нөмірі немесе басқа құқықтық нормативтік актілер
«Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
«Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесімен және аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен
Қызметтіңтұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттікқызметтіңкөрсетілетінформасы
электрондық (ішінараавтоматтандырылған) және (немесе) қағазтүрінде.
Көрсетілетінқызметтің
мерзімі
көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап,сондай-ақ порталға жүгінген кезде– 30 (отыз) жұмыс күні.
Қажеттіқұжаттар
ХҚКО-на жүгінген кезде - Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтініш; порталда - көрсетілетін қызмет алушының электронды-цифрлық қолы (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс
Қызметкөрсетілуініңнәтижесі
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кезектің реттік нөмірін көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Қызметтің атауы
«Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесежергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдағантұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру»
Бұйрықтың атауы және нөмірі немесе басқа құқықтық нормативтік актілер
«Тұрғын- үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
«Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесімен және аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен
Қызметтің тұтынушылары
Жеке тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
қағазтүрінде.
Көрсетілетін қызметтің
мерзімі
құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күн тізбелік 10 (он) күн.
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат немесе паспорт (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
3) жұмыс орнынан анықтаманы;
4) мекенжай анықтамасы ұсынылады.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру.
«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру»
Қызметтің атауы
«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру»
Бұйрықтың атауы және нөмірі немесе басқа құқықтық нормативтік актілер
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына сәйкес
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
«Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесімен және аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңдытұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінараавтоматтандырылған) және (немесе) қағазтүрінде
Көрсетілетін қызметтің
мерзімі
көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн
Қажетті құжаттар
1) көрсетілетін қызметті берушілерге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік актісі;
әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген температуралық кестеге сәйкес, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 15-3-бабының 2-тармағына сәйкес күзгі-қысқы кезең электр қуатының балансына сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;
әзірлік актісіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге бекітілген кестелерге сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорттарын (бұдан әрі – әзірлік паспорт) беру, әзірлік паспортын ескертулермен (бұдан әрі – ескертулер) беру, әзірлік паспорт беруден бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) немесе күшін жою туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) беру
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер
үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы
қорытынды беру»
Қызметтің атауы
«110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер
үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен
қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралықорытынды беру»
Бұйрықтың атауы және нөмірі немесе басқа құқықтық нормативтік актілер
«Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығына сәйкес
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
«Ақтөбе қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесімен және аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерімен
Қызметтің тұтынушылары
Жеке және заңдытұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінараавтоматтандырылған) және (немесе) қағазтүрінде
Көрсетілетін қызметтің
мерзімі
көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн
Қажетті құжаттар
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
техникалық шарттардың көшірмесі;
пайдаланушыны қосу схемасы;
жүйелік оператордың қорытындысы
энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
техникалық шарттардың көшірмесі;
пайдаланушыны қосу схемасының электрондық көшірмесі; жүйелік оператор қорытындысының электрондық көшірмесі;
энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 «Электр энергетикасы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)
1-қосымшасына сәйкес беру.
«Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру»
Қызметтің атауы
«Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру»
Бұйрықтың атауы және нөмірі немесе басқа құқықтық нормативтік актілер
«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына сәйкес
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ
Қызметтің тұтынушылары
Заңды тұлғалар
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін формасы
электрондық (ішінараавтоматтандырылған) және (немесе) қағазтүрінде
Көрсетілетін қызметтің
мерзімі
лицензияны беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқаларын беру - 2 (екi) жұмыс күні;
Қажетті құжаттар
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензия алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысаны;
2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлға үшін өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
лицензияны қайта ресімдеу үшiн лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың көшірмесі;
4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
еркін нысандағы өтiнiш;
жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
Порталға:
1) лицензия алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;
2) лицензияға қосымшаны алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны;
3) лицензияны қайта ресімдеу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес заңды немесе жеке тұлға үшін өтiнiш;
ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.
4) тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы еркін нысандағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
Қызмет көрсетілуінің нәтижесі
заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» бұйрығымен бекітілген «Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асыруына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.