Республикалық және жергілікті бюджеттің іске асырылуы

Республикалық және жергілікті бюджеттің іске асырылуы
2017 жылы газ тасымалдау жүйелерін дамытуға 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Оның ішінде, 703,0 млн. теңгеге 5 ауыспалы газбен жабдықтау жобалары бойынша ҚМЖ орындауға мердігер мекемелермен келісім шарттар жасалды.
А.ж. маусым айында ұзындығы 12 км «Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Казанка ауылында ауылішілік газтаратқыш желілердің құрылысы» нысаны пайдалануға берілді. А.ж. аяғына дейін 4 нысанды пайдалануға енгізу жоспарланған.
Сондай-ақ, Ойыл ауданының Бестамақ, Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс, Шеңбертал, Қобда ауданының Сарыбұлақ, Әйтеке би ауданының Талдысай, Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылдарында газқұбыры желілерінің құрылысы бойынша 7 жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде.
Газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыру нәтижесінде халықтың газбен қамтамасыз етілу көрсеткіші 0,3% артады немесе 87,3% құрайды.
2017 жылы жалпы сомасы 7,2 млрд. теңгеге «ҚазТрансГаз» ҰК АҚ-мен және «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ-мен Меморандумға қол қою сұрақтары пысықталуда.
Жалпы облыстың сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға 2017 жылы 5,7 млрд. теңге бөлінді. Олардың ішінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,3 млрд. теңгеге 10 жоба және 3,4 млрд. теңгеге 20 жоба «2020 жылдарға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Бұл жобаларды іске асыру сумен жабдықтау желілерінің тозуын 3%-ға (38,3%-дан 35,3%-ға дейін), су бұру желілерінің тозуын 1,1%-ға (58,6%-дан 57,9%-ға дейін) төмендетуге, сондай-ақ 92,6% халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ауылдық елдімекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігі 77,7%, ал орталықтандырылған су бұру қолжетімділігі 24,1% құрайды. Одан басқа, 2017-2018 жылдары «Ақбұлақ» АҚ республикалық, облыстық бюджеттердің қосымша қаржыландыруы және Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелік ресурстарынан қаржыландыру есебінен жалпы сомасы 3,9 млрд.теңгеге облыс орталығының сумен жабдықтау нысандары қайта жаңғыртылатын болады.
2017 жылы ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздерi болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерiнен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға 76,1 млн теңге көлеміндегі қаражат қарастырылды, оның ішінде: Әйтеке би ауданы –26,1 млн. теңге, Байғанин ауданы – 14,0 млн. теңге, Ырғыз ауданы - 8,7 млн. теңге, Мәртөк ауданы – 15,9 млн. теңге, Шалқар ауданы – 11,4 млн. теңге.