2016-2017 жж. қысқы жылыту маусымына дайындық туралы АНЫҚТАМА

1.2016-2017 жж. жылыту маусымына дайындық.
Энергетика және ТҮКШ нысандарын алдыңғы жылыту маусымына дайындау, сондай-ақ бюджеттік ұйымдар үшін отын дайындау бойынша іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы кәсіпорындардың өзіндік қаражаты және жергілікті бюджет есебінен коммуналдық инфрақұрылым нысандарын дайындау жұмыстарына қаржыландыру көлемі 9,6 млрд. теңге құрайды, оның ішінде 1,2 млрд. теңге – отынның нормативті қорын құруға.
А.ж. 22 шілдеге келесідей жұмыстар орындалды:
- жоспарланған 445 қазандықтан – 132 қазандық жөнделді немесе жалпы жоспардың 30%-ы;
- жоспарланған 251,3 жылу желілерінен – 192,4 км жөнделді немесе 77%;
- жоспарланған 132,7 электр желілерінен – 91,6 км жөнделді немесе 69%;
- 298,7 су жүргізу-кәріз желілерінен – 53,8 км жөнделді немесе 18%;
- 49,4 км газбен жабдықтау желілерінен – 7 км жөнделді немесе 14% .
- 1 636 әлеуметтік нысандардан 700 нысан бойынша жөндеу жұмыстары басталды немесе 42,8%;
- 2 237 тұрғын үйден – 325 тұрғын үйдің жабындыларын және жертөле бөлмелерінің инженерлік желілерін ағымдағы жөндеу жүргізілді немесе 15%.
2. «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру
2016 жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және қайта жаңғырту, сондай-ақ жылумен жабдықтау нысанын жаңғырту бойынша 13 жобаны жүзеге асыруға 4,3 млрд. теңге бөлінді.
Қазіргі күнге 12 жоба бойынша мердігер ұйымдар анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.
Бір жоба бойынша конкурстық құжаттарды қарау рәсімдері жүргізілуде.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жобаларды ағымдағы жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
3. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен Меморандумды жүзеге асыру
2016 жылы жалпы сомасы 12,9 млрд. теңге құрайтын 12 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыру жоспарланған. 8 жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жұүріп жатыр және қалған 4 жоба бойынша мердігер ұйымдармен келісім шарт жасалуда .
Сонымен қатар 8 жобамен Хромтау ауданы –Аққұдық, Мұғалжар ауданы – Талдысай, Еңбек, Алтынды, Қарғалы ауданы – Қосестек, Алға ауданы – Богословка, Ойыл ауданы – Ойыл, Әйтекеби ауданы – Комсомол ауылдары газдандырылады, яғни 2016 жылы барлық 12 аудан орталықтарына газдандырылады.
4. Ақтөбе қ. ЖЭК нысандарының дайындығы
«Ақтөбе ЖЭО» АҚ
Жөндеу жұмыстарының жоспарына сәйкес, сомасы 336,1 млн. теңге көлемінде жұмыстар қарастырылған, мұнда бу қазандықтарын (9 бірл.), турбоагрегаттарды (6 бірл.), су жылыту қазандықтарын (5 бірл.) жөндеуді қамтиды. Бүгінгі күнге негізгі жабдықтың 11 бірлігі немесе 62%-ы жөнделді.
«Трансэнерго» АҚ
Ағымдағы жылы 437,5 млн. теңге көлемінде ұзындығы 3,2 км болатын жылу желілерін күрделі жөндеу және қайта жаңғырту қарастырылғн және «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында 118,1 млн. теңге көлемінде Шевченко көшесі, 36А №5 қазандықты қайта жаңғырту аяқталатын болады.
Сонымен бірге 216,5 км жылу желілерінің, 22 қазандықтың, 6 сору станциясының және шамамен 8 000 ілмекті арматураның ағымдағы жөндеуі жоспарланған.
Күзгі-қысқы маусымда қазандықтардың тоқтаусыз жұмыс жасауы үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ АӨФ-мен 28 367,6 мың м3 көлемінде газ жеткізуге келісім шарт жасалды.
«Ақбұлак» АҚ
Ағымдағы жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 800,4 млн. теңге құрайтын 17 км кәріз желілерін қайта жаңғырту және 28 км су жүргізу желілерін салу бойынша 2 жоба жүзеге асырылатын болады.
«Ақбұлақ» АҚ инвестициялық бағдарламасы аясында 2016 жылы тариф есебінен 1,7 млрд. теңге сомасына ұзындығы 10,9 км болатын 7 жобаны жүзеге аысру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, 2016 жылғы күрделі жөндеу жоспарына сәйкес, өзіндік қаражат есебінен 260,1 млн. теңгеге жұмыстар жоспарланған, оның ішінде сумен жабдықтау жүйесін жөндеуге – 137,3 млн. теңге, су бұру жүйесін жөндеуге – 122,8 млн. теңге.
«Энергосистема» ЖШС АЭК электрлік желілері бойынша электр энергиясын тасымалдайды, оның балансында 173 шағын станция, 1 831 бірлік КТП 10/0,4кВ; 28 бірлік РП-6-10кВ бар.
2016 жылға электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне бекітілген тариф 4,32 теңге құрайды.
2016 жылы инвестициялық бағдарламасы аясында негізгі жабдықтарды қайта жарақтауға, жаңғыртуға, қалпына келтіруге және жаңаларын ендіруге 1 781,1 млн. теңге қарастырылған.
5. Отынды дайындау
А.ж. 22 шілдедегі жағдай бойынша 41,1 мың тонна қажетті қатты отыннан 19,8 мың тонна жеткізілді немесе 48%, жоспарланған 5,2 мың тонна дизель отынынан 0,7 мың тонна жеткізілді немесе 13%.
Анықтама: 2014-2015жж. жылыту маусымында қатты және сұйық отынға жұмсалған сома 1,9 млрд. теңге құрады (үнемдеу 327,0 млн. теңге), 2014-2015жж. жылыту маусымында – 1,5 млрд. теңге (үнемдеу 422,0 млн. теңге құрады), 2016-2017жылдарға шамамен 1,2 млрд. теңге немесе 385,0 млн. теңге.
6. Бюджеттік шығындарды оңтайландыру
Облыстың әлеуметтік нысандарын оңтайлы отын түріне ауыстыру жөніндегі Сіздің тапсырмаңызды орындау мақсатында іс-шаралар жоспарлары әзірленді, осы кезде өткен жылыту маусымымен салыстырғанда қатты отынға қажеттілік 3 695,2 тоннаға немесе 4,6%-ға және сұйық отынға қажеттілік 2 592,1 тоннаға немесе 32%-ға төмендейді, бұл ақшалай 385,0 млн. теңге құрайды (құны: көмір – 13 000 теңге/тн, дизель – 130 000 теңге/тн). Осы жоспарға сәйкес, 2016-2017 жылдары 106 аудандық әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелері табиғи газға ауыстырылады. 2016 жылы Мәртөк, Хромтау, Ырғыз, Әйтекеби, Ойыл, Мұғалжар, Қарғалы, Алға аудандарының 14 елдімекендеріндегі 41 әлеуметтік нысандардың қазандықтары табиғи газға ауысады. Бұл кезде а.ж. соңына дейін 35 әлеуметтік нысандарды табиғи газға ауыстыру бойынша ЖСҚ әзірленетін болады, 2017 жылға 60 нысан жоспарланған.
Облыстың 6 елдімекендерде орналасқан 34 мемлекеттік мекемелердің жылу көздерін газға ауыстыруға байланысты қатты отынға қажеттілік 2 689,4 тоннаға, сұйық отынға қажеттілік 1 267,6 тоннаға төмендейді.
Сонымен қатар, мекеменің таралуына, электрлік жылытуға, дизель отынынан қатты отынға ауысуға байланысты қатты отын 722,5 тоннаға және сұйық отын 1 267,6 тоннаға төмендету жоспарлануда.