«Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасы туралы Ақпарат

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Халықаралық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, мемлекеттік және әлеуметтік нысандардың энергия тиімділігін арттыру, сонымен қатар энергия үнемдеу бойынша тұрақты қаржыландыру жағдайын ұйымдастыру мақсатында «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» (бұдан әрі - Жоба) жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында 2016-2017 жылдарға арналған мектеп, бала-бақша, аурухана және көше жарықтандыру нысандарын жаңғырту бойынша кіші жобаларды жүзеге асыру үшін Гранттық қаражат қарастырылған.
Осыған байланысты, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ 10 әлеуметтік-мәдени нысандар іріктеуге қатысу үшін жолдады.
Жобаны басқару комитетінің шешімі негізінде Ақтөбе облысы бойынша 2 нысан мақұлданған:
1. «Алға облыстық балалар үйі» ММ;
2. «Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК.
Содан кейін, таңдалған объектілер үшін энергия аудиті егжей-тегжейлі жүргізілетін болады, жобалық құжаттама әзірленді, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыруға бағытталған құрылыс жұмыстары орындалды. Жоба қаражаты есебінен жүргізілген энергия тиімділігін арттыру бойынша жобалық құжаттамалардың әзірлемелері, құрылыс жұмыстарын орындау, энергия аудитін өткізуге қатысты барлық сатып алуларды Институт жүргізетін болады.
Жоба шеңберінде фасадтарды жылыту бойынша (қабырғаларды, жертөлелерді, шатырларды жылыту, ішкі есіктер мен терезелерді жөндеу/ауыстыру), жылу беру және баптау жүйелері (қазандықтарды жөндеу/ауыстыру, бақылау жүйелері, құбырларды оқшаулау, желдеткіштерді, жылу сорғыштарын ауыстыру), жарықтандыру (шағын люминесцентті шамдар, жоғары қысымды натрий, светодиодты шамдар), электрмен жабдықтау жүйелері (трансформаторлар) және басқа да энегия тұтыну жүйелері (сорғыштар, желдеткіштер, күн су қыздырғыштары) іс-шараларын қоса есептегенде мемлекеттік ғимараттарда энергия тұтынуды төмендету мақсатында жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.