Энерготиімділік картасы туралы

«Элект энергитикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» АҚ (бұдан әрі- Ұйым), Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бағыныстағы ұйымы.
«Бес институционалды реформаларды жүзеге асыратын 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 59 қадамын жүзеге асыру шеңберінде энергия үнемдеу саласына халықаралық мақұлданған энергосервистік келісімшарт механизмі арқылы стратегиялық инвесторларды тарту, «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» (бұдан әрі – Заң) ҚР Заңының энергия тиімділік картасын құру, жүргізу және жүзеге асыру бөліміне толықтырулар енгізілді.
ҚР Заңының 20 бабы, 2 тармағына сәйкес, Ұйым энергия тиімділік Картасын құрады және жүргізеді, Қазақстан Республикасының энергия тиімділік Картасына жобаларды қосу үшін іріктеу жүргізуін және қосуын жүзеге асырады.
Демек, «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ энергия тиімділік Картасына «Ақтөбе қаласының көше жарықтандырылуын жаңғырту» жобасы бойынша өтінім жолдады.
«Қазақэнергиясараптама» АҚ сараптама қорытындысы бойынша энергия тиімділік Картасына қосылу үшін ұсынылды. Жоба паспортындағы ұсынылған іс-шаралар инновация және көлемділік критерийларына сай келеді.