ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ. САҚ БОЛАЙЫҚ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ. САҚ БОЛАЙЫҚ
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің деректері бойынша соңғы үш жылда газдан уланған, газ жабдықтарының жарылуы мен ақаулы болуынан 318 адам зардап шегіп, оның 82-сі қайтыс болды. Қазақстанда аптасына 2 рет газбен байланысты төтенше жағдай орын алады, оның әрбір үшіншісі адам өлімімен аяқталады.
Бұл қасіреттің себебі неде, қандай жағымсыз жағдайлар көгілдір отынмен байланысты болуы мүмкін, осындай төтенше жағдайлардан қалай құтылуға болады?
Жеке секторлардың тұрғындары үшін ең қауіптісі газдың өзінің де, оның өнімдерінің де толық жанбай шығып кетуі болып табылады. Соңғысының иісі болмайды және ол тұрғын үйге өте тез тарап, қандағы гемоглобинге байланысты адам организміне бірден әсер ете бастайды. Оны сезу мүмкін емес, сондықтан халық оны «тілсіз жау» деп атайды. Уланудың салдары – ауыр жүйке жүйелері мен тыныс алу жолдары ауруларына әкеп соқтырады, ал дер кезінде жәрдем көрсетпеу - өліммен аяқталады. Осындай уланулардан бүкіл отбасы опат болатын жағдайлар өте жиі кездеседі.
Көп пәтерлі үйлерде табиғи газбен байланысты төтенше жағдайлардың жиі кездесу себебі газдың шығып тұруы, ол өрттің шығуына, жарылыс пен улануға әкеп соғады.
Жоғарыда сипатталған қауіп-қатерді болдырмау үшін барлық газ аспаптарын дұрыс қолдану қажет, өйткені оларды тиісті дәрежеде қолданбағанда, газдың шығып тұру себебі байқалмайды. Бірнеше міндетті ережелері бар:
1. Барлық газ жабдықтарын сертификатталған жеткізушілердің мамандандырылған дүкендерінен ғана сатып алу керек.
2. Барлық газ жабдықтарын монтаждау, газ құралдарына жүргізілетін болмашы жөндеу жұмыстарын коммуналдық газ қызметінің бақылауымен тек мамандар ғана жүзеге асырады.
3. Жылына ең аз дегенде екі рет мұржа мен желдеткіштердің жай-күйін тексеру, түтіннің тартылуын қамтамасыз ету үшін оларды тазарту қажет.
4. Дабыл беретін заманауи техника бар. Сондықтан, қауіпсіздік автоматикасымен басқарылатын газбен жылыту аспабын орнату қажет, бұдан басқа, табиғи және тұншықтырғыш газ иісінің шығып тұруын тоқтататын және белгі беретін құрылғылары бар жылытқыш пештердің конструкциясымен қамтамасыз еткен жөн. Түтіннің тартпауы немесе иісті газ белгілері пайда болған жағдайда пеш жабдықтарының автоматты түрде ажыратылуына және қатты сигнал беруінге мүмкіндік береді. Бұл трагедиядан құтылуға мүмкіндік беретін жалғыз кепілдік. Мұндай жабдықтар бағасы жағынан қол жетімді және мамандандырылған дүкендерде сатылады.
Майдагерлік немесе құны жағынан арзан, бірақ сапасыз техниканы өзбетімен қосу немесе орнату, бұл әсіресе жылыту және су ысыту жүйелеріне қатысты, сұмдық қауіпке әкеп соқтыруы мүмкін. Газдың шығуы, түтіннің тартпауы, жарылыс қаупі және көптеген басқа жағдайлар газ приборларын қосу кезіндегі өзіндік әрекеттің нәтижесі болуы мүмкін.
Бұрын газ жабдықтарына қызмет көрсететін слесарь-бақылаушылар жылына екі рет үйлер мен пәтерлерді аралап, мұржа мен желдеткіш арналарының жай-күйін тексеретін, сондай-ақ тұрмыста газды қауіпсіз қолдануды қадағалайтын, ал бүгінгі күні бұл функциялар бәсекелестік ортаға тапсырылған және толықтай үй иелеріне жауапкершілігінде. Сондықтан, жеке басының қауіпсіздігін сақтау мақсатында өз бетінше қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу немесе мұны ПИК-тен (пәтер иелерінің кооперативтері) талап етуі қажет.
Әне-міне дегенше жылыту кезеңі басталады. Сондықтан жазда осыны істеп үлгермегендер үшін үйдегі газ жабдықтарына, түтін тартқыштар пен желдеткіштерге толық профилактика жасайтын, сигнал беру жүйесін орнататын кез келді. олайлы кезең. Қауіп-қатерді елемеу, ақыр аяғында адам үшін ең қымбаты – өз өмірін қиюға әкеп соқтыратынын естен шығармаңыз!