Мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

"Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті арттыру мақсатында әзірленді.
1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: "Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ
3. Қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласында жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлқының (іс-қимылының) қағидалары:
3.1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалған салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
- көзделмеген құжаттарды талап етуге жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету барысында және басқа да рұқсат беру функцияларын кез келген сөзбұйдаға салудан (бюрократиядан) аулақ болу;
- белгілі бір міндеттерді орындауды реттейтін нормативтік құқықтық актілерде сәйкессіздік анықталған жағдайда, уәкілетті органға жазбаша түрде дереу хабарлау;
- мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толық бағдарлана отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдау;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;
- жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де тұлғалардың қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
- қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау;
3.2. өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде:
- мүдделер қақтығысына жол бермеу, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- бақылау іс-шараларын және шешім шығаруды білдіретін басқа да іс-әрекеттерді жүргізу кезінде мәселелерді объективті қарау, тек заңнамаға сәйкес шешім қабылдау;
- мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін шешімдерді қабылдау кезінде өзінің заңды міндеттерін орындауға байланысты ешқандай материалдық игіліктер, қызметтер мен өзге де артықшылықтарды қабылдамауға;
- өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттікті жүзеге асыру.
3.3. нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде:
- нормативтік құқықтық актілерді дайындау кезінде ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V ҚРЗ "Құқықтық актілер туралы" Заңының нормаларын сақтау;
- нормативтік құқықтық актілердің мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын жағдайларда оларды алдын ала қоғамдық талқылаусыз әзірлеу мен қабылдауды болдырмау;
- өзі немесе үшінші тұлғалар үшін пайда табу мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол бермеу;
- беймәлім тұлғалар тобына немесе жеке белгілі бір тұлғаларға жүгінуі тиіс;
3.4. тіршілік ету саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де өзара қарым-қатынастар кезінде:
- мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне кедергі келтіретін немесе оның тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;
- заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу.
- іскерлік этикет пен ресми тәртіп ережелерін сақтау.
4. Сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған қызметкерлердің іс-әрекеттері:
Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.