«Энергетик күні» кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара

«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ ұйымдастыруымен 2016 жылдың 15 желтоқсан күні «Достық» үйінде «Энергетик күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған іс-шараға келесі кәсіпорындар шақырылды:
· «Актобеэнергоснаб» ЖШС;
· «Трансэнерго» АҚ;
· «Энергосистема» ЖШС;
· «KEGOC» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалы;
· «Ақтөбе ЖЭО» АҚ;
· «Жанажолская ГТЭС» ЖШС;
· «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ.
Облыс әкімінің орынбасары Ж.М.Бексары жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен және «Энергетик күні» кәсіби мерекесімен құттықтады.
Ж.М.Бексарының қолынан президент атынан мерейтойлық медальмен 3 қызметкер, Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы атынан мадақтамалармен 12 қызметкер, энергетика саласында бұрыннан қызмет етіп жүрген, облысымыздың дамуына зор үлескен қосқан облыс әкімі Б.М.Сапарбаев атынан алғыс хатпен 10 қызметкер, облыс әкімінің орынбасары Ж.М.Бексары атынан алғыс хатпен 20 қызметкер, сондай-ақ энергетика саласындағы 7 ардагерлер ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жалпы энергетика саласындағы 52 қызметкерлер марапатталды. Концерттік бағдарлама өткізілді.