Облыс әкімі құрылыс нысандарын және жылу қазандықтарын аралады

Облыс әкімі құрылыс нысандарын және жылу қазандықтарын аралады
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы салынып жатқан бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен, сондай-ақ жылу қазандықтарының жұмысымен танысты.

20170103124526_IMG_5197.jpg

Облыс әкімінің әлеуметтік нысандар мен жылу қазандықтарын аралаудағы басты мақсаты — Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес өңірдеү шауысымды мектептер мәселесін шешу, екі ауысымды білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ қаланы жылумен толық қамту, аймақтағы жол мәселесін шешу.

Облыс әкімі барған алғашқы нысан — Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы жылу қазандығы.
Бұл жылу қазандығы 2013 жылы пайдалануға берілген. Бүгінгі күні осы қазандықтан тараған жылу «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы 16 тоғыз қабатты тұрғын үйге, балабақша мен мектепке жеткізіледі. Қазандықтан тараған жылу желісі 6,8 шақырым ұзындықты алып жатыр. Қазір жылу қазандығында «Е-25-1,4 ГМ» маркалы 4 бу қазаны бар. Оның екеуі тұрақты жұмыс істейді. Қалған екеуі резервте тұр. Бу қазандарындағы жылу қуаты — 60,0 Гкал/сағ.
Бердібек Сапарбаев жауапты мамандардан жылу қазандықтарының жұмысы, олар арқылы таратылатын жылудың екі аралықтағы сақталуы, үнемделуі жайлы сұрады. Жылу мекемесінің жұмысшыларымен тілдесіп, оларға маусым бойы халыққа сапалы жылу тарату үшін қадағалау шараларын күшейтуді тапсырды.
Бұдан кейін облыс басшысы Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан Жастарсарайына,«Батыс-2» ауданында салынып жатқан екі мектепке және оқушылар сарайына барды.
Содан соң өңір басшысы «Батыс-2» ауданында орналасқан жылу қазандығының жұмысымен танысты. 2011 жылы желтоқсан айында «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырыс беруімен іске қосылған жылу қазандығы бүгінде «Трансэнерго» АҚ меншігінде. Жобаның құны — 807,203 млн.теңге. Жылу қазандығында «VIESSMAN Vitomax 200-LW» маркалы 3 бу қазаны орналасқан. Жылу қуаты — 10,3 Гкал/сағ. Жылу қазандығы «Батыс-2» тұрғын үй массивін жылумен қамтамасыз етіп отыр.
Жылу қазандығының жұмысымен танысу кезінде облыс басшысы Бердібек Сапарбаев жылу тарату құрылғылары жайлы сұрап, жауапты мамандар — оператор және күзетшіге жұмыс уақытында сақ болып, сергек жүрулерін тапсырды.
Материал www.aktobegazeti.kzсайтынан алынды.