Басшының орынбасарлары

Қаржаубай Ыбраймұлы
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында 1957 ж. дүниеге келген.
1986 ж. - Алматы халық шаруашылық институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Комсомол ауданы «Псковский» совхозының жұмысшысы болып бастаған (1973-1976). «Энергосбыт» РМ бір фазалы электр есептеуіштерді қондыру және шешу бойынша электромонтеры (1976-1978); Комсомол аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті, аға бақылаушы-ревизоры, меңгерушінің бюджет бойынша орынбасары (1980-1986) болды. Исатай аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі (1986-1988); Комсомол аудандық қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары – мемлекеттік кірістер инспекциясының бастығы (1988-1989); Комсомол аудандық комитет партиясының ұйымдастырушылық бөлімінің нұсқаушысы; Комсомол аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер инспекциясының бастығы (1989-1990); Комсомол ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының бастығы (1990-1999); Ақтөбе облысы бойынша салық комитетінің бюджет түсімдерін болжау және талдау бөлімінің бастығы, салықтық тіркеу және декларация қабылдау бөлімінің бастығы, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы және жанама салықтарының әдіснама бөлімінің бастығы, тура салықтарының әдіснамасы бөлімінің бастығы, жанама салық басқармасының бастығы – жанама салық әдіснамасы бөлімінің басшысы (1999-2002); Әйтеке би ауданы әкімнің орынбасары (2002-2011) қызметтерін атқарды.
«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысының орынбасары (2011-2015); «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы (2015-2016) мемлекеттік лауазымдарын атқарып, 2016 ж. желтоқсан айында «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Қ.Ыбраймұлы «Қазақстан Республикасының салық қызметіне 10 жыл» Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдармен марапатталған.
Отбасылы. 2 бала өсіріп, тәрбиелеген.
Азаматтарды қабылдау:
күн сайын 15.00 - 18.00 аралығында өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8 (7132) 54-59-25