Басқарма ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагерін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Әйелдер – әлемнің жарығы» атты жарияланған акциясы аясында басқарма ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Імен Сафиновна Балсеитованы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді.
І.Балсеитова ағынан жарылып, басқарма ұжымына алғысын айтып, ақ батасын берді.