2016 жылғы және 2017 жылға жоспарлар бойынша энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы туралы жиналыс

2017 жылғы 16 наурызда басқарма басшысының орынбасары Қаржаубай Ыбраймұлының төрағалығымен, 2016 жылғы және 2017 жылға жоспарлар бойынша энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуы жөнінде «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» «Қазақэнергиясараптама» АҚ өкілдерінің, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және мемлекеттік энергетикалық тізілім (МЭТ) субъектілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Ақтөбе облысы бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың ағымдағы жағдайы туралы айтылды.
Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу, МЭТ субъектілерінен ақпаратты жинақтау бойынша ағымдағы жағдай туралы «Қазақэнергиясараптама» АҚ өкілі ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 143 қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру және жүргізу қағидаларының 5 тармағына сәйкес, МЭТ субъектілері әр жылдың 1 сәуіріне дейін «Қазақэнергиясараптама» АҚ-на энергия үнемділігі және мемлекеттік энергетикалық тізілім департаментіне ақпараттық есептерін уақытында тапсыру туралы айтылды.
Энергия тиімділік картасын құру және жүргізу, ЭСКО механизмдерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестігі жобаларды жүзеге асыру жолдарын түсіндіру бойынша ақпаратты «Қазақэнергиясараптама» АҚ өкілі түсіндірді.
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында бақылау және қадағалау бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі индустриалды даму және өндірістік қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті басшысының орынбасары «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңдылығын сақтамау, энергетикалық ресурстарды тұтыну бойынша ақпаратты уақытылы тапсырмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы ақпарат ұсынды.