ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА
«COMFORTHOUSECITY» ЖШС-нің «Бюджеттік саладағы қызметшілерді орналастыруға арналған 70 пәтерлік шағын-отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке өткізу» мемлекеттік-жеке әріптестігі жобасына бастамашылық жасау туралы
Ақтөбе қ. «06» шілде 2017 жыл
«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ жекеше әріптестің «Бюджеттік саладағы қызметшілерді орналастыруға арналған 70 пәтерлік шағын-отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке өткізу» мемлекеттік-жеке әріптестігі (бұдан әрі - МЖӘ) жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.
1. Жоба туралы ақпарат
Мақсаты:
«Бюджеттік саладағы қызметшілерді орналастыруға арналған 70 пәтерлік шағын-отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке өткізу» - әлеуметтік инфрақұрылым құру, тұрғын-үй тапшылығын төмендету және бюджеттік саладағы қызметшілерді мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу кезеңінде ақысыз тұрғын-үймен қамтамасыз ету;
МЖӘ жобасының құны:
«Бюджеттік саладағы қызметшілерді орналастыруға арналған 70 пәтерлік шағын-отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке өткізу» - 502 965 мың теңге.
Мемлекеттік әріптестің мемлекеттік қолдау шараларына қатысу түрі:
- Инвестициялық шығындарды өтеу;
Жекеше әріптестің қатысу түрі:
- Дайын объектіні коммуналдық меншікке өткізу.
«Бюджеттік саладағы қызметшілерді орналастыруға арналған 70 пәтерлік шағын-отбасылық жатақхананы коммуналдық меншікке өткізу» МЖӘ объектісінің жобалық қуаттылығы:
- бюджеттік саладағы қызметшілерді тұрғын-үймен қамтамасыз ету – 70 пәтер.
МЖӘ объектісінің орналасқан жері:
- Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Маресьев к-сі, 2/1
МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі 5 жыл (2017 ж.-2022 ж.)
Жоба техникалық күрделі жобаға жатпайды.
2. Жекеше әріптестердің баламалы ұсыныстарды жолдайтын күні, орны мен уақыты:
Балама ұсыныстары бар әлеуетті жекеше әріптестер 2017 жылдың 6 шілде - 5 тамыз аралығында «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 138 – тармағының 1 - тармақшасында көрсетілген құжаттарды тапсыру қажет.
- Мерзімі: с 06.07.2017 г. по 05.08.2017 г.
- Орны: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, 4 қабат, 448 бөлме
- Уақыты: до 15:00 час.
- Конкурс ұйымдастырушының атауы: «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын –үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ
- Телефоны: 8 (7132) 54-48-01, 54-43-61, 54-59-25
- Байланысатын тұлға: Өтегенов Абзал Орынбасарұлы