Ақпарат

2017 жылдың 29 шілдесінде «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ-нің басшылығымен Қарғалы ауданына келесідей нысандар бойынша қызметтік іс-сапар орындалды:
1. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Жосалы-Кемпірсай ауылдарына жеткізуші газ құбырының құрылысы»;
2. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Жосалы-Кемпірсай ауылдарында ауылішілік газ құбырының құрылысы»;
3. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Ақкөл (Приозерное) ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту»;
4. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Жосалы ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту»;
5. «Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында жылу желілерін қайта жаңарту».
Қызметтік іс-сапар барысында, басқарма басшылығы инженерлік желілердің және олардың ғимараттарының құрылыс үрдісін бақылады, мердігер мекемелермен құрылыстың техникалық жағын талқылады. Сондай-ақ, бірқатар ескертулер беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды. Жалпы, құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сәйкес өтуде.