«Мектепке жол» акциясы бойынша іс-шаралар

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 2017 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында жыл сайын ұйымдастырылып отырған дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы бастамасын тапқан болатын.
Акцияның негізгі міндеті – аз қамтылған отбасыларындағы оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлары бойынша мектепке бармауын алдын алу. Олардың мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.
Аталған акция шеңберінде Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасымен 2017 жылғы 19 тамыз күні аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 10 балаға жалпы 350 000 мың теңге (әр балаға 35 000 мың теңгеден) көлемінде мектепке қажетті кеңсе тауарлары және киімдер алынып берілді.
Ата-аналар тарапы басқарма ұжымына атқарылған жұмыстары үшін алғыстарын білдіріп, жұмыста сәттілік тіледі.
Акцияның жыл сайын өткізіліп, дәстүрге айналуы қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады, себебі көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын беру – әр адамның борышы.