Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының жобасы

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының жобасын әзірледі.
Ұсыныстар мен ескертулер енгізу арқылы жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. Ұсыныстар мен ескертулерді aktobe_uekh@mail.ru электрондық поштасына немесе (7132)544801 номері бойынша жібере аласыз. Сіздердің пікірлеріңіз біз үшін маңызды!