Мемлекеттік органның жұмыс істеуіне бөлінген бюджет қаражатының жалпы сомасы туралы бір жылға арналған ақпарат

Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының
Азаматтық бюджеті
«Ақтөбе обласының энергетика және тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласының негізгі көрсеткіштері халықтың ресурстарға (газ, су, жылу, электр энергиясы) қол жетімділігі, коммуналдық желілердің тозуы, өндіру және тұтыну теңгерімін қамтамасыз ету болып табылады.
«Ақтөбе обласының энергетика және тұрғын- үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ шығындарына 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден 11,4 млрд. тенге қарастырылған.
ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ
Облыста газқұбырларының жалпы ұзындығы 6270 шақырымды құрайды. Ақтөбе облысының 375 елдімекенінен 115 газдандырылған (облыстың елдімекендерінің жалпы санының 30,7%), немесе халық санымен 753 мың адамды құрайды (облыс халқының жалпы санының 88%).
2017 жылдың қорытындысы
2017 жылы облыстық бюджеттен жалпы құны 766,9 млн. теңгені құрайтын 6 газбен жабдықтау нысандарының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға енгізілді. Осының нәтижесінде 2 700 астам адам тұратын 5 ауылдық елді мекен (Казанка Мәртөк ауданы, Жосалы, Кимпирсай Қарғалы ауданы, Байқадам, Шетиргиз Шалқар ауданы) газдандырылды.
2017 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ арасында жасалған Меморандум аясында Ақтөбе қаласында өнімділігі 300 мың және Алға қаласында өнімділігі 30 мың автоматтандырылған газтаратқыш станциялар (АГТС) салынды. Ақтөбе қаласындағы АГТС-300 Қазақстан бойынша ең қуатты болып табылады.
Сонымен қатар,Темір ауданының Тасқопа, Қобда ауданының Сарыбұлақ, Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс, Шеңбертал, Әйтеке би ауданының Талдысай, Ойыл ауданының Бестамақ ауылдарын газдандыру үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді.
2018 жылға жоспар
2017 жылы жалпы құны 496,0 млн. теңгені құрайтын 2018 жылға ауыспалы 3 жобаның жүзеге асырылуы басталды:
1. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы»;
2. «Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Аралтөбе ауылында ауылішілік газ құбырының құрылысы».
3. «Ақтөбе облысы Хромтау ауданының Жазық ауылына жеткізуші және кент ішіндегі газ құбырын салу»;
Аталған жобаларды 2018 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, 2018-2019 жылдарға жалпы сметалық құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 19 газбен жабдықтау нысандарын іске асыру жоспарлануда. Осы жобалардың басталуына ағымдағы жылы жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге қаражат бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен 815,1 млн. теңге, республикалық бюджеттен 400,0 млн. теңге.бөлінді.
Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдер өткізілуде. Бүгінгі күні 7 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарт жасалды. Қалған жобалар бойынша конкурстық рәсімдер а.ж. мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сондай-ақ, а.ж. жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес келесі жобалар бойынша жұмыстарды жүргізіледі:
1.Әйтекеби ауданы Ақкөл ауылына жеткізуші газ құбырының құрылысы
2.Әйтеке би ауданының Жамбыл ауылына жеткізуші газ құбырын салу
3 Алға ауданының Көлтабан ауылына және Ақай (Ильинка) ауылына жеткізуші газ құбырын салу
4.Байғанин ауданының Жаңатаң–Бұлақтыкөл–Кемерші ауылдарына жеткізуші газ құбырын салу
5.Ойыл ауданы Бестамақ ауылына тартылатын газ құбырын салу (Бегалы, Егіндібұлақ, Калиновка, Білтабанов ауылдары)
6. Әйтеке би ауданы Ақкөл ауылында ауылішілік газ құбырын салу
7. Әйтеке би ауданы Жарөткел ауылында ауылішілік газ құбырын салу
8.Әйтеке би ауданының Жамбыл ауылында кентішілік газ тарату желілерін салу
9. Байғанин ауданы Жаңатан ауылында кент ішіндегі газ құбырын салу
10. Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылында ауылішілік газ құбырын салу
11. Байғанин ауданының Жарлы ауылына жеткізуші газ құбырын салу
12. Ырғыз ауданының Жаныс би ауылында АГТС және кент ішіндегі газ құбырын орнатып газ құбырын салу-бұру салу
13. Мұғалжар ауданының Басшілі ауылына жеткізуші газ құбырын салу
14. Мұғалжар ауданы Басшілі ауылындағы ауылішілік газ құбырының құрылысы
15. Темір ауданының Тасқопа ауылына жеткізуші газ газ құбырын салу
16. Қобда ауданы Калиновка ауылында ішкіпоселкелік газ құбырын салу
17. Қобда ауданы Бегалы ауылында ауылішілік газ құбырын салу
18. Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылында ауылішілік газ құбырын салу
19. Қобда ауданы Білтабанов ауылына ауылішілік газ құбырын салу
Нәтижесінде халық саны 8 мыңнан астам 12 ауылдық елді мекен газбен жабдықталып, халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілу көрсеткіші 0,9% - ға артады немесе 88,9%, және елді мекендердің 3,2% артады немесе 33,9% құрайды.
Сондай-ақ, Жұрын, Қаракөл Мұғалжар ауданы, Ноғайты Байғанин ауданы, Сарықобда, Болгарка Алға ауданы, Әлімбет, Ащылысай, Қарғалы аудандарын газдандыруға 2018 жылға жобалақ-сметалық құжаттаманы әзірлеуге облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.
2018-2023 жылдарға арналған газбен жабдықтау дамуының жол картасы.
Облысты жоспарлы газдандыру және газбен жабдықтаудың дамуы мақсатында Басқармамен 2018-2023 жылдарға арналған газбен жабдықтау дамуының жол картасы жасалды. Жол картасын жүзеге асыру аясында 2018-2023 жылдар аралығында 104 жобаны іске асыру арқылы 85 елді мекендерді газдандыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 104 жобаның 48-сі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, қалған 19-сы бойынша ЖСҚ әзірлену сатысында және 37-сі бойынша ЖСҚ әзірлеу қажет.
Жол картасы орындалған жағдайда 2023 жылдың аяғында облыста халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілу көрсеткіші 95%-ға және елді мекендердің 53,3%-ға жетеді.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес, 2018 жылғы жоспар бойынша ауылдық елдімекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігі – 82,6% құрау қажет.
2018 жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтау қолжетімділігі қалалық елдімекендерде 100%, ал ауылдық елдімекендерде 79,5% құрайды және орталықтандырылған су бұру қолжетімділігі қалалық елдімекендерде 99,5%, ал ауылдық елдімекендерде 24,1% құрайды.
2018 жылы сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға барлығы 5,9 млрд. теңге қарастырылған. «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында 521,8 млн.теңгеге 2 жоба (Мұгалжар ауданы-Қандыағаш қ.,Жағабұлақ ауылы) және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында 4,9 млрд.теңгеге 20 жоба, оның ішінде 7 жоба 2019 жылға ауыспалы жобалар (Әйтеке би ауданы - Талдысай ауылы; Алға ауданы - Қарақұдық ауылы; Байғанин ауданы –Ебейті, Миялы, Кемерши, Жарқамыс, Оймауытауылдары; Ырғыз ауданы - Ақши және Белшер ауылдары ; Қарғалы ауданы- Кос-Естек; Қобда ауданы - Калиновка және Талдысай; Мұғалжар ауданы- Қаракөл, Сағашилі, Бұлақты ауылдары; Темір ауданы- Құмқұдық; Ойыл ауданы – Амангелді, Құмжарған, Ақжар ауылдары; Хромтау ауданы- Табантал ауылы) жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде халықтың сумен жабдықтауға қолжетімділігі 94,2% құрайды, 2017 жылмен салыстырғанда 1,6 % өседі (2017 ж. - 92,6%), сондай-ақ , 269,4 км сумен жабдықтау желілері салынып және 41,4 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңартылады, орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу ауылдық елді мекендерде 82,6%, орталықтандырылған су бұруға – 24,1% құрайды.
Одан басқа, 2017-2018 жылдары «Ақбұлақ» АҚ республикалық, облыстық бюджеттердің қосымша қаржыландыруы және Еуропалық қайта құру және даму банкінің несиелік ресурстарынан қаржыландыру есебінен жалпы сомасы 3,9 млрд.теңгеге облыс орталығының сумен жабдықтау нысандары қайта жаңғыртылатын болады.
АУЫЗ СУ БЕРУ ҚҰНЫН СУБСИДИЯЛАУ
Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды үнемдеу үшін тұрғындарды мемлекеттік қолдау мақсатында су беру құнын субсидиялау түрінде компенсациялау механизмі пайдаланылады.
2018 жылы сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерден ауыз су беру қызметі құнын субсидиялауға 83,1 мың теңге қаражат қарастырылған оның ішінде: Әйтеке би ауданы -23,4 млн. теңге, Байғанин ауданы – 14,9 млн. теңге, Ырғыз ауданы – 8,8 млн. теңге, Мәртөк ауданы – 15,9 млн. теңге, шалқар ауданы, Шалқар – 20,1 млн. теңге.
Шығындарды толық немесе ішінара өтеу (қызметтердің құнын арзандатуға) ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерден ауыз су беруқызметін көрсететін су берушілерге, су ресурстарын коммерциялық мүддедепайдаланушыларды қоспағанда,өз мұқтажын қанағаттанды- ратын пайдаланушыларға жұмсалатын болады.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері: су берушілер саны – 5 аудан, ауылдық елді мекендердің саны – 20, сумен қамтамасыз етілетін халықтың орташа жылдық қамтуы – 38,8 мың адам.
Түпкілікті нәтижесі- Байғанин, Мәртөк, Әйтеке би, Шалқар,Ырғыз аудандарының халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.
СУ БҰРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
2018 жылы «Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері» Ақтобе қаласына барлығы 235,6 млн. тенге құрайтын 3 жобаға (Ломоносов көшесі бойымен Сазда өзеніне дейін, Марьесев көшесінен Пацаев,ағ. Жұбановтар,Әбілхайыр даңғылы арқылы Тургенев көшесіне дейін, Ә.Молдағұлова даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылы бойымен Сазды өзеніне) су бұру жүйелеріне қаражат бөлінді.
Сондай-ақ, Ақтөбе қ. көпқабатты тұрғын үйлерге кәріз желілерін салуға барлығы 6 жобаға -387,2 млн. теңге қарастырылған. 2017 жылы облыстық бюджеттен ЖСҚ әзірленді. Бүгінгі таңда осы жобалар бойынша конкурстық рәсімдер аяқталу сатысында, ҚМЖ мемлекеттік сатып алу қорытындысы шығарылғаннан кейін басталады. Түпкілікті нәтижесі: Ақтөбе қаласының тұрғындарын үздіксіз және сапалы су бұру жүйелерімен қамтамасыз ету, болып табылады.
ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
2018 жылғы жоспар бойынша жаңғыртылған жылу желілерінің үлесі жалпы ұзындығына шаққанда 1,0 % пайызды құрайды.
2018 жылы жылумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін "Трансэнерго" АҚ 4,160 км жылу желілерін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланған, яғни жылу желілерін жалпы ұзындығынан 1 %. Бүгінгі 0,5 км жылу желілері қайта жаңартылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы Нұр-Ақтөбе шағын мөлтек ауданында жылу желілерін қайта жаңартуға және салуға, жылу және электр энергетикасын салуға 3 жоба бойынша республикалық бюджеттен 2,0 млрд. тенге бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен қоса қаржыландырумен 351,1 млн. теңге қарастырылған.
Тікелей нәтижесі:
Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе Сити» ықшам ауданына арналған Восточная 110/35/10 кВ электр жабдықтау алаңсырты жүйесінің құрылысы -131,2 млн. тенге;
Ақтөбе қаласы, «Ақжар-2» 220/110/35/10 кв ПС кеңейту- 41,4 млн. тенге;
Ақтөбе қаласы «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданы аумағындағы қазандықты кеңейту - 178,4 млн. тенге;
2017 жылы қалалық бюджеттен 3 жобаның басталуына және конкурстық рәсімдерді өткізуге 1 500,0 мың теңге бөлініп (әрбір жобаға 500,0 мың теңгеден) игерілді. Сондай-ақ, 2017 жылдың қараша айында республикалық бюджетті нақтылау кезінде 1,3 млрд. теңге бөлінді. Аталған жобалар бойынша мердігерлер анықталып ҚМЖ жүргізілуде.
Ақтөбе қаласының «тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ балансындағы жылу желілерін қайта жаңғыртуға (4 жоба) – 143 451,0 мың теңге қарастырылған. Бұрын бұл жылу желілері иесіз деп табылып, 2016 жылы «ТКШ»ММ балансына қабылданды. 2017 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ әзірленді. Тікелей нәтижесі: барлық ақаулы және тозған жылу желілерін жою, сондай-ақ апаттылықты төмендету. Түпкілікті нәтижесі: Ақтөбе қаласының тұрғындарын үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз ету болып табылады.
ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Ақтөбе облысы толығымен электр энергиясымен қамтамасыз етілген, оның ішінде 70% - ға жуығы жергілікті көздерден, 28% - ы Солтүстік көздерден және 2% - ы РФ-нан өндіріледі.
2018 жылы Ақтөбе облысында 23,56 км. электр желісін жаңғырту жоспарланған, жалпы ұзындығынан 0,198%.
«Энергосистема» ЖШС инвестициялық бағдарламасына сай 2018 жылға АС, ВЛ-0,4 кВ сымын Ақтөбе қ. бойынша СИП маркалы ТП – 10/2– 0,53 км ауыстыру, АС, ВЛ-0,4 кВ электр сымдарын Ақтөбе қ. бойынша СИП маркалы ТП – 11/2– 0,75 км ауыстыру,АС, А ВЛ-0,4 кВ сымын Ақтөбе қ. бойынша СИП маркалы ТП – 18/2 электр сымына- 0,46 км,
АС, А ВЛ-0,4 кВ сым Ақтөбе қ. бойынша СИП маркалы ТП – 11. – электр сымына 3,97 км ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар, КЛ-10кВРП 9 – ТП – 94 – 0,55 км, ВЛ-35 кВ Л-
«Н-Михайловка-Н-Федоровка» КЛ-10кВТП 94 – ТП – 96 – 0,85 км электр сымдарын қайта жаңарту және Мәртөк ауданында – 16,05 км сымдарын ауыстыру, ВЛ–10 кВ «Құмқұдық» Әйтеке би ауданында - 0,4 км электр сымдарын қайта жаңарту жоспарлануда.
Аудандарға нысаналы трансферттер:
Хромтау ауданы Тамды ауылында газ құбырының күрделі жөндеуді аяқтауға 48,5 млн. теңге қарастырылған.
Тікелей нәтиже - Хромтау ауданы Тамды ауылында ұзындығы 9 715 м газ құбырын күрделі жөндеу.
2017 жылы облыстық бюджеттен соммасы - 50 000,0 мың теңге.жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы шарттық құны 98 467,0 мың теңге. Жөнделетін газ құбырының жалпы ұзындығы 9,7 шақырым құрайды.
Газ құбыры қауіптілігі жоғары объектілерге жатады. Қолданыстағы газ құбыры пайдалануға 1960-шы жылдары беріліп, содан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.
Түпкі нәтижесі газ беру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіптілікті төмендету болып табылады.