Басшының орынбасары (өндірістік сала бойынша)

Нұртай Кеңесұлы Сертаев
Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында 1988 ж. дүниеге келген.
2009 ж. Қазақ-орыс халықаралық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Ақкемер ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы болып бастаған (2009-2010 жж.). «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ жолаушылар көлігі бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы, мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бөлімінің басшысы (2010-2017 жж.); «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ әкімшілік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу секторының бас маманы, өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы (2017 ж.) қызметтерін атқарды.
2017 ж. қазан айында «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.
Азаматтарды қабылдау:
күн сайын 15.00 - 18.00 аралығында өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8 (7132) 54-59-25;
Электрондық пошта адресі: nurtai.sertaev@aktobe.gov.kz