Сыбайлас жемқорлық көріністерімен және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайдағы әрекеттер туралы

Егер де сіз сыбайлас жемқорлық көріністерімен және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайда, онда келесідей әрекет етуге құқығыңыз бар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1494 call-center нөмеріне хабарласу;
2) Өтініш жазу және 030019, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жіберу, 8 (7132) 54-56-57 телефонына қоңырау шалу;
3) Өтініш жазу және 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша орналасқан Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының (№ 448 каб.) жеке және заңды тұлғалар өтініштеріне арналған жәшігіне салу;
4) Өтініш жазу және 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 мекенжайы бойынша орналасқан Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының пошталық мекенжайына жіберу;
5) Өтініш жазу және Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының a.otegenov@aktobe.gov.kz электрондық мекенжайына жіберу;
6) Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының 8 (7132) 41-19-01 сенім телефонына хабарласу.