«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс

1. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
1) азаматтар арасындағы жалпы конкурс;2) мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс.     
2. Конкурс мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;3) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясын не бірыңғай конкурстық комиссияны құру;4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тұрғысынан қарау;5) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;6) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.