Басқарма басшысы

Аманов Дастан Серікұлы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында 1977 ж. дүниеге келген.
2001 ж. Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжін, 2005 ж. Алматы экономика және статистика академиясын «Экономист-бухгалтер» біліктілігі бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «ГИС компаниясы» АҚ коммерция және жарнама маманы, коммерция және жабдықтау бөлімінің басшысы болып бастаған (2001-2004 жж.). «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» компаниясы Ақтөбе филиалының материалдық-техникалық жабдықтау маманы (2005 ж.); «Splendor» ЖШС логистика бөлімінің басшысы (2006-2008 жж.); «Силикат-А» ЖШС материалдық-жабдықтау бөлімінің басшысы (2008-2009 жж.) болды. «Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ өндірістік-техникалық секторының жетекші маманы, бас маманы, меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары (2009-2012 жж.); «Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, басшының орынбасары (2012-2016 жж.); «Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ басшысының орынбасары, басшысы (2016-2017 жж.) қызметтерін атқарды.
2017 ж. шілде айында «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.
Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.
Азаматтарды қабылдау:
әр сәрсенбі күні 15.00 - 18.00 аралығында өткізіледі.
Байланыс телефоны: 8 (7132) 54-59-25