«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 16 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 16 «Ақтөбе облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» нормативтік құқықтық актіні ұсынушы «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ болып табылады.
Нормативтік құқықтық акті қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюіне немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Нормативтік құқықтық актіге 2019 жылғы 11 ақпандағы № 04-1/22 Ақтөбе облысы қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынылған.
Қаулы жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 4 ақпанда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылғы 18 ақпанда аяқталды. Есептемені қарау 11 адам, пікірлер болған жоқ.